Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖЕЛІМДЕРІН ӨНДІРУ ЗАУЫТЫН САЛУ ҰСЫНЫЛДЫ

140қаралым

Мұндай инвестициялық жобаны Польшаның Selena Group компаниясы қалалық инвестициялық штаб отырысында ұсынды. Жоба құны – 3 млрд теңге. Жеке кәсіпкер өндірісті 2021-2022 жылдары іске асыруды жоспарлап отыр. Оған қажетті жер телімі – 2 га. Жұлдыз индустриалды аймағынан жер телімін беру көзделуде. Кәсіпорын іске қосылғанда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Осындай серпінді жобалар Шымкент қаласының экономикалық дамуына үлес қосатынына сенім білдірген қала басшысы ең бастысы импортты алмастыратын сапалы өнім шығаруды басты мақсат етуді айтты.

Айта кетейік, қаладағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында бүгінде инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 млрд. теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорындар ашылады. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 100 млрд. теңгеге 25 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес биыл 10 жобаның құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Please follow and like us: