Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралып, атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Жиында жаңа жобалар мен олардың өзекті мәселелері, негізгі капиталға салынған инвестициялардың 7 айда орындалуы мен алдағы жоспарлар, «Өңірлік брендтерді дамыту» жобасы аясында шағын және орта бизнесті дамыту, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдіктерінің инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды.
Жиында алдымен Zoom жүйесі арқылы инвесторлар 9 жобаны ұсынды. Көмірқышқыл газын қайта өңдейтін «PET» ЖШС, «SLT» көкөніс және жемісті қайта өңдеу, «Selena Group» құрғақ қоспалар дайындау, «ЮжСтройСервис» қоймалар өндірісі құрылысы, «Казахстанская нефтехимическая Компания Кемикал» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Керемет Сапа» ЖШС көкөніс сақтау, «Prestige House» ЖШС-ның көпқабатты тұрғын үй жобасы және «Самрұқ» спорт кешенінің құрылысы таныстырылды.
Алдағы ақпараттарда жаңа жобаларға жеке-жеке тоқталып өтеміз.
Инвестициялық штаб отырысына басқарма басшылары, аудан әкімдері және Zoom жүйесі арқылы инвесторлар қатысты.