Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ-ДІҢ 451 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

92қаралым

Шымкентте соңғы тәулікте КВИ-дің 451 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 330, белгілері жоқ – 120). 204 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 247 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 930 орын бар, төсек орын толымдығы 60%-ды құрайды, 1546 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2384 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 384 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 5024 адам вакцина алды (I компонент-2224, II компонент-2800). Егу науқаны басталғалы барлығы 401 610 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 328 129 адам вакцинаның екі компонентін де алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтардың жұмысы да күшейтілген. 40 арнайы топ 16 тамыз күні 454 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мақсат – тұрғындарды жазалау емес, қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау болып табылады. Сондықтан карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!

Please follow and like us: