Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғамМәселе

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ-ДІҢ 538 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

72қаралым

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделеніп отыр. Өткен тәулікте қаладағы 538 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 447-сі белгілері бар болса, 91-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 279 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 259 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек орын толымдығы 71%-ды құрайды, 1017 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2563 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 338 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 7245 адам вакцина алды
(I компонент-2445, II компонент-4800). Егу науқаны басталғалы барлығы 381 322 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 299 243 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 6 тамыз күні 735 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Please follow and like us: