Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарКөкейтестіҚоғамМәселе

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА 400-ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛУДА

76қаралым

Шымкентте жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде ағымдағы жылы 12 инфрақұрылымдық жоба нақтыланып, микрокредит беру және бизнесті дамыту бағыттары бекітілген болатын.

Жоба аясында 12 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 2 білім беру, 1 спорт, 1 сумен және 8 электрмен қамту нысандары бой көтеруде. Онда 392 жұмыс орындарын құру жоспарланса, оның ішінде 198 орынға азаматтар жұмысқа қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарлануда. Бүгінде жоба аясында жалпы 230 азамат жұмысқа орналасса, орталық арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды . Қазіргі таңда тартылған жұмыс күшімен нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс нысандарының іске асырылуы барысымен Шымкент қаласының әкімдігі жанынан құрылған жол картасының іске асырылуын үйлестіру және мониторингтеу жөніндегі комиссия мүшелері танысты. Қала әкімінің орынбасары, басқарма өкілдері, қалалық мәслихат депуттары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және БАҚ өкілдерінен құралған комиссия мүшелері нысандарда атқарылып жатқан жұмыс барысы мен жұмысшылардың еңбек жағдайын бақылады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында шағын, орта бизнесті дамыту, жұмыс орындарын құру үшін микрокредиттер беру көзделген. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеп, жұмыс беруші-мердігер компанияға жолдайды.

Please follow and like us: