Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 318 НЫСАНҒА ТЕКСЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

55қаралым
Шымкент қаласының аумағында санитарлық — эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізілуде. Өткен тәулікте 318 нысанға (311 кәсіпкерлік нысан, 7 жеке нысан) тексеру ұйымдастырылды. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, 11 мамыр күні қалада КВИ-дің 69 жағдайы тіркелді: 32 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, Шымкент клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6). Төсек-орын толымдығы – 48 %, 729 төсек-орын бос.
Өткен тәулікте қалада 8 135 адам вакцина алды: I компонент – 2 835, II компонент – 5 300. Егу науқаны басталғалы барлығы 152 153 адам вакциналанды. Оның ішінде 58 581 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз. Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Please follow and like us: