Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ: МОБИЛЬДІК ТОПТЫҢ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

84қаралым
Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында мобильдік топ карантин талаптардың орындалуын бақылау барысында, қалалық Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтамай жұмыс істеп жатқан бірнеше кәсіпкерлік субъектілер анықталды.
Атап айтқанда, қаладағы Қазиев көшесінің бойында орналасқан Рахат моншасы мен URBO кафе бары шекті уақытты сақтамағандығы және кальян қолдану фактісі тіркелді.
Аталған жағдай бойынша мобильді топ тарапынан заң бұзушылық фактісі 102-ге тіркеліп, кәсіп иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 425 бабына сәйкес түсініктемелері алынып, тиісті мекемелерге шара қолдану үшін жолданды.
Қазіргі таңда аудан аумағында 20 сәуірмен бүгінгі таңға дейін карантин талаптарын бұзған елу кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылып, 11 нысанның жұмысын тоқтату бойынша хабарлама берілген.
Бұл бағыттағы жұмыстар Абай ауданында тұрақты түрде жүргізілуде.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз. Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Please follow and like us: