Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯ — КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСТІҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

46қаралым
Дархан Сүйгенбаев,
«Шымкент жүрек орталығы” АҚ-ның басқарма төрағасы, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург:
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Өткен жылдың оқиғалары, коронавирус пандемиясы көптеген адамдардың өмірін қиды, туыстары мен жақындарын жоғалтпай өмір сүрген отбасылар аз.
Пандемия толқыны әлемнің барлық елдерінде өтті және сценарий қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда науқастар санының күрт өсуіне байланысты барлық медициналық мекемелер толып кетеді, қорқыныш пен дүрбелең болады. Бұл туралы шынымен ұмытып қалдыңыз ба?
Менің бейнехабарламам COVID инфекциясының күнделікті өсуіне байланысты. Бетперде киюден, әлеуметтік қашықтықты сақтаудан, қол гигиенасынан және байланыс кезінде оқшауланудан басқа, бүгін біз қысқа мерзімде ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, бәріміз көптен күткен қалыпты жағдайға оралуға мүмкіндік алдық. Сондықтан алдын алу өте маңызды! Вакцинация!
Вакцинация өзіңізді және басқаларды коронавирустан қорғауға көмектеседі. Бұл — өте маңызды. Себебі кейбір адамдар үшін коронавирус ауыр ауру мен өлімге әкелуі мүмкін. Оларға қарт адамдар, жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензия, семіздік, өкпенің созылмалы аурулары, жүкті әйелдер және т. б. жатады. Сіз оларды танисыз ба? Бұл — біздің туыстарымыз бен жақындарымыз. Біздің елімізде қолданылатын барлық вакциналар көптеген елдерде тіркелген, клиникалық сынақтардан өткен және тиімділіктің жоғары пайызына ие. Вакцина коронавирусты жұқтыруы мүмкін деп қорқудың қажеті жоқ, өйткені оның құрамында тірі вирус жоқ. Мысалы, дене температурасының жоғарылауы немесе инъекция орнындағы ауырсыну сияқты белгілер — денеде иммунитет пайда болатындығының белгісі болып табылады.
Адамдар неғұрлым көп вакцинацияланса, вирус жұқтыратын жаңа адамды табу қиынға соғады. Инфекцияның осы берілу тізбегін үзіп, вакцинацияланған адамдар вирустың вакцинациялауға әлі ерте балалар мен жасөспірімдерге, медициналық себептермен вакцинацияланбайтын адамдарға жетуіне жол бермейді.
Өйткені, Әкімдіктің, Денсаулық сақтау басқармасының және барлық медициналық ұйымдардың басшылығымен орасан зор жұмыс жүргізіліп, өңіріміздің әрбір тұрғыны еркін, кедергісіз және тегін вакцинациялануы үшін барлық жағдай жасалуда.
Есіңізде болсын, коронавируспен күресу — біздің ортақ міндетіміз!
Өзіңізді қорғаңыз!
Please follow and like us: