Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

КҮНДЕЛІКТІ 400-ДЕН АСА АДАМҒА ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕДІ

62қаралым
Шымкент қаласында егу пунктері күнделікті таңертеңнен бастап, түнгі сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Медицина мамандары емханада демалыс күндері, тіпті түскі үзіліске қарамастан, азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде.
Тұрғындарға күнделікті вакциналау жұмыстарын жүргізетін дәрігерлердің бірі – № 13 қалалық емханасының медбикесі Диляра Хусанова.
Д.Хусанова елімізде жаппай вакциналау жұмыстары басталғаннан бері емханада үзіліссіз аянбай еңбек етуде. Білікті дәрігер күн сайын 400-ден аса адамға ковидке қарсы вакцина салады.
– Өз еркімен вакцина алуға келген азаматтарға екпенің пайдасы туралы айтып өтеміз. Қазір оң пікір қалыптасып келеді. Сол себептен де күннен- күнге екпе алушылардың қатары артып отыр, – дейді дәрігер.
Айта кетейік, орта буын өкілі 18 жылдан бері медицина саласында жұмыс істейді. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында біліктілігін арттырып, халықтың саулығы үшін қызмет етуде.
Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Қарапайым карантин талаптарын сақтай отырып, өз өміріңді және жақыныңның өмірін сақтай аласың.
Please follow and like us: