55
Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Өтегенұлы Татыбаев 2021 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ordainfo.kz» ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 20 бабына сәйкес, басқарма өз құзыретi шегiнде II, III және IV санат объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзедi және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2021 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 169 өтінім материалдары тапсырылып, оның 140 өтініміне рұқсаттар берілді. жиырма өтінім қайтарылды және тоғыз материал қарастырылуда.
Сондай-ақ, есепті кезеңде Шымкент қаласы бойынша атмосфералық ауаның жай — күйі жөнінде халықты хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында 2 дана LED — экранды орнату үшін қала аумағынан екі жер учаскесіне мемлекеттік актілер алынды. Қалалық бюджеттен қаржы бөлінген.
Қазіргі таңда, мемлекеттік актілерді Шымкент қаласының әділет департаментінде тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
Please follow and like us: