50
Шымкентте білім саласын дамыту мақсатында 5 негізгі басым бағыт қолға алынған. Олар: кадрлық әлеуетті дамыту, мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту, орта білім беру саласын дамыту, техникалық және кәсіби білім саласын дамыту, инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыту.
Мақсатты жүзеге асыруда білім саласына 2020 жылы 113,8 млрд теңге қаралған болса, осы жылға қаралған қаржы – 133,3 млрд теңгені құрап отыр. бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,5 млн.теңгеге артқан. Бүгінгі таңда игерілгені –30 421,8 млн теңге. Онда 95 химия кабинеті, 82 биология кабинеті, 50 физика кабинеті, 13 STEM кабинеттер, 23 робототехника кабинеті, 7 логопед кабинеті мен интерактивті тақталар алу, бейнекамералар алуға конкурс жарияланған.
Шымкентте 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпта 9 342 оқушы білім алуда. Оның ішінде 6 973 (74,6%) тест тапсыруға тіркелген.
І-кезең – 10 наурыз – 10 сәуір аралығында өтті, яғни жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге, 1 мүмкіндікте 2 371 түлек бағын сынады. Ал, екінші кезең — білім беру гранттарын тағайындау конкурсы 15 сәуір – 30 маусым аралығында өтеді.
ҰБТ тапсыратын орындарға арнайы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орталығынан келісім алынды. Онда медициналық пункттер ашумен қатар, жылдамдығы жоғары интернет арқылы онлайн трансляция жасалды.
Өткен жылдан бері тестілеу нәтижесін оқушының өзі ғана ЖСН арқылы білуіне мүмкіндік бар.
Айта өту керек, білім саласындағы 2020 жылға белгіленген индикаторлар мен көрсеткіштер толық орындалған.
Please follow and like us: