130
«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан мемлекеттік орман қорын молайту бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Түркістан облысының әкімдігі тарапынан 752 га жерді «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен шығарып, Шымкент қаласының теңгеріміне өткізу қаулысы әзірленуде.
Шымкент қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының мәліметінше, «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты 976 га жер учаскесінде жыл басынан бері бірқатар жұмыстар атқарылды. Отырғызылған ағаш көшеттерін толықтыру жүргізу үшін 10 га жер дайындалып, 2 га жерге әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылды, Жиденің 2000 дана қаламшасы дайындалды.
4 га жерге 2000 дана ағаш көшеттері отырғызылып, 20 га алма бауды қоршау жұмыстары жүргізілді (бағаналар орнату, шұңқырлар қазу, торсеткалар тарту жұмыстары).
Сонымен қатар, 8,2 га тұқымбақта қоршау жұмыстары, шұңқыр қазу, бағаналар орнату, тор сеткалар тарту жұмыстары орындалды. Тұқымбаққа отырғызу үшін 10 000 дана терек, 3000 дана жиде, 1000 дана ива, 2500 дана легустра және 500 дана платан қаламшалары дайындалды.
Please follow and like us: