Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

8 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

102қаралым
Шымкент қаласында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жоспарға сай, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022 жылы 18 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылды. Жыл қорытындысымен шаһардағы 81 елді мекеннің 31-і жартылай қамтылса, 8 елді мекенді табиғи газбен қамту бойынша тиісті жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, өткен жылы Тассай, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Батыс, Тұран (екінші кезек), Сәуле, Тұран (үшінші кезек), Асар-2 (үшінші кезек), Солтүстік саяжай, Сәуле магистралды газ құбыры, Қайнарбұлақ (1,2 кезек), Бозарық (74 га аумағы) елді мекендерінде тиісті жұмыстар жүзеге асырылды.
Былтыр 2 магистралды желі (Сәуле, Ақтас магистралды газ құбыры), 8 елді мекенде (Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Тұран) құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде, табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 93%-дан, 94%-ға өсті.
Құрылысы өтпелі 8 нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қала тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендердегі қамту көрсеткішін 100 %-ға жеткізу көзделуде.
Please follow and like us: