89
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдың ақпан айынан бастап елімізде халықтың жекелеген топтарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды кезең-кезеңімен бастау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
Вакцинацияның бірінші кезеңінде халықтың келесі санаттары жатады:
Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да бейіндегі қызметкерлер ақпаннан бастап екпе салса, педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері наурыз айында; студенттер сәуірден бастап, мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылады.
Айта кету керек, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды. Бұл вакцинаны осы жас тобындағы азаматтарға қолдану әлі зерттелмегендігімен байланысты. Вакцинаны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады.
КВИ-ға қарсы вакцинациялау 6 млн.адамды қамти отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің айтуынша, вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.
Вакцинация жүргізер алдында дене температурасы өлшенеді, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалады. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.
Please follow and like us: