52
ЖАҢБЫРДАН СУ ЖИНАЛҒАН ОРЫНДАР ДЕР КЕЗІНДЕ ТАЗАЛАНДЫ
Шымкентте ауа райының құбылуына байланысты Абай ауданы аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар мен әкімдік қызметкерлері жедел әрекет етуде.
Қатынкөпір, Майлин, Мәметова, Ақжайық, Еділбаев, Самал, Шұбаркөл шағынаудандары мен көшелерінде, Өтегенов және Төлеметов көшесінің қиылысына техникалардың көмегімен су тарту жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Бекжан базар аумағындағы тоннел де бақылауға алынған.
Бұл жұмыстарға жалдамалы арнайы 13 ассинизатор техникасы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасымен бірлесе су тарту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, ирригация жүйесін тазалауға 80 жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылып, арық-атыздардың бітелген жерлерін ашу жұмыстарын жүргізіп, су өткізгіш қабілетін арттыруда.
Қазіргі таңда аудан аумағынан ағып өтетін каналдармен өзендерден тұрғын үйлерге келетін қауіптер бақылауға алынып, қадағалануда.
Please follow and like us: