Қазақстанда 12 маусым күні Жалпыұлттық аза тұту күні өтуде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты еске алу Жарлығына қол қойды. Қасіреттің белгісі ретінде елімізде тулар түсіріліп, жанқиярлықпен қайтыс болған қазақстандықтардың құрметіне бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыс күні басталар алдын 1 минут үнсіздік жариялады.