Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ҚАЛА ӘКІМІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ

144қаралым
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады. Алдымен, Бадам су қоймасында болып, онда жүргізіліп жатқан су тасқынын алдын-алуға бағытталған жұмыстармен танысты.
Биыл қалада қардың жылдағыдан қалың жауғанына байланысты су қоймасы толып, су алу қауіпі болған жағдайда шлюздарды реттеу арқылы «Бадам» өзеніне жіберу жоспарлануда.
Мұрат Дүйсенбекұлы «Тоғыс» су қоймасындағы су тасқынын алдын алатын шаралармен де танысты. Сыйымдылығы 4,6 млн текше метрді құрайтын қоймаға суды жинау бүгінде автоматты түрде жүргізіледі. 265 шақырымды құрайтын тоған аумағында қазір су басу қаупін алдын алуға бағытталған шаралар жан-жақты атқарылуда.
«Ақсай қарабастау» каналы да қаладағы су тасқыны қаупі жоғары аумақ саналады. Қазір ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын каналды қардан-мұздан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды тексерген қала басшысы жауаптыларға мердігер мекемелердің дайындығын қадағалауды қатаң тапсырды.
«Су тасқынын алдын алуда аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары бірлесе жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ең алдымен, ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс.
Техникалардың дайындығын қадағалау, тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыру — басты назарда» — деді қала әкімі.
Please follow and like us: