«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының бір күні Металлургтар саябағында тал егу шарасымен жалғасты. Оңтүстікке көктем ерте келіп, тал егу ерте басталғанымен, «ештен, кеш жақсы» деген Тұрандықтар саябаққа 100-ден аса қаратал екті. Тал егуге Тұран коммуналдық мекемесімен қатар, Тұран ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, өнер адамдары және еріктілер атсалысты.
-«Таза Қазақстан» науқан болып қалмайды. Ауданымыздың тазалығы мен көркіне бәріміз жауаптымыз. Осы уақытқа дейін аудан көлемінде 1000 тал ектік. Осы саябаққа ашық жерлеріне100-дей ағаш отырғыздық,- дейді Тұран ауданы әкімі Берік Әшірбеков.
Саябаққа сондай-ақ, Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театрының әртістері де келіп, қолдарына күрек алып, тал екті.
-«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», деген қазақпыз. Жұтатын ауамыздың тазалығы маңызды. Осы саябақтардағы талдарды да біздің әкелеріміз бен ағаларымыз еккен ғой, сол сияқты біз де парызымыз деп санап, осы науқанға атсалысуға келдік. Елімізді, қаламызды таза ұстау міндетіміз, — дейді сатира саңлақтары.
60
Please follow and like us: