87
5 желтоқсаннан бастап Колумбияның Богата қаласында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы Әлем Чемпионаты өтуде.
Әлемдік додаға Шымкент қаласының спортшысы, ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділетұлы Нұрғиса 96 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түсті.
Нұрғиса жұлқа көтеруден 174 келіні, серпе көтеруден 209 келі, қоссайыс нәтижесі бойынша 383 келі салмақты бағындырды. Нәтижесінде, ел қоржынына күміс жүлдені салды.
Спортшының жалпы нәтиже бойынша екінші орынды ғана емес сонымен қатар жұлқа көтеру бағдарламасы бойыншада күміс жүлдені жеңіп алды.
Қазақ елін, бүкіл спорт жанкүйерлерін және споршымыз Әділетұлы Нұрғисаны жеңісімен құттықтаймыз!
Please follow and like us: