Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ҚОНАЕВ-РЫСҚҰЛОВ КӨШЕЛЕРІ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

182қаралым

Айтулы мерекеге орай, бүгін Шымкенттегі Д.Қонаев пен Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайырық ресми түрде ашылды. Оған қала әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері арнайы қатысты.

Өз сөзінде шаһар басшысы аталған нысанның құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталып, техникалық сипаттамаға сәйкес 2 жыл 8 айда пайдалануға беріліп отырғанын айтып өтті.

“Естеріңізде болса, былтыр жыл соңында көлік кептелісін азайту үшін техникалық тұрғыда көлік қозғалысына рұқсат етілген болатын. Сол аралықта кеткен кемшіліктер реттеліп, түзетілді”,-деді М.Әйтенов.

Жолайрық Д.Қонаев даңғылымен 1030 метр, Рысқұлов көшесімен 684,7 метр аралығын қамтиды, ені 42 метр. Жол 6 жолақтан тұрады.

Көлік өткізу мүмкіндігі тәулігіне 27775-тен 65820-ға ұлғайған.

Please follow and like us: