63
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстарын тексеріп, құрылыс сапасын қадағалады. Озық үлгідегі ғимаратта әкімшілік-тұрмыстық корпустан бөлек спорт залдар, спорттық тренажерлер алаңшасы мен бір жарым мың орындық трибуна қарастырылған.
«Жұмыс қарқынын күшейтіп стадионды 1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашу қажет. Осыған орай реконструкциялық жұмыстардың барысын, құрылыс сапасын қатаң бақылауға алыңыздар» — деді қала әкімі.
Әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа тұрғын үйлер алабында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылысқа 20 адам, 8 техника жұмылдырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан бой көтерген 8 көпқабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымымен танысты. Қазір мұнда ирригациялық жүйелер салынып, балалар ойын алаңшасы бой көтеруде. Қала әкімі абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын сәуір айында толық аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ қаладағы магистральді, ішкі орам көшелерін аралап, жауын-шашыннан орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Осыған дейін қала аумағында 43 көше қайта жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды 12 бригада атқаруда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс нысандарын уақытылы тапсыруды, өндірістік кестенің сақталуын, сапаны ұдайы қадағалауды тапсырды.
Please follow and like us: